ПРОЕКТ ТУРАЛЫ

             2018 жылыдың қыркүйегінде «Қоғамға қызмет ету» инновациялық оқу-әдістемелік орталығы ашылды және бұл орталық ҚХА кафедрасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

«Қоғамға қызмет ету» орталығының мақсаты:

  • «Қоғамға қызмет ету» пәнінің теориялық және практикалық сабақтары арқылы студент жастардың еріктілік белсенділігін қалыптастырып, аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау.

«Service learning» – ағылшын тілінен аударғанда қоғамға қызмет ету деген мағынаны білдіреді. «Service learning» АҚШ-тың жастар саясаты саласында бастауын алады. Теориялық негізін Уильям Джеймс енгізді. Джеймстің айтуы бойынша кітаптар және аудиториядан алынған білім тәжірибе арқылы қаралып, бекітілмегенше есте жақсы сақталмайды.

«Service learning» пәні біздің университетімізде қандай мақсатпен енгізілді?

         БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: Ашықтық, Ықыластылық, Креативтілік. Осы құндылықтарды есте сақтаңыздар, себебі осы пән барысында алдағы іс-әрекеттеріңіз осы құндылықтарға сүйену қажет. Сіздің жобаңыздың жетістігі позицияңыздың ашықтығы, қатысуы және креативтілігінен қалыптасады.

Ш.Есенов атындағы КМТИУ – әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапты университет. Сондықтан университет әлеуметтік белсенді көшбасшылардың жаңа ұрпағын қалыптастыруға бағытталған.

ОСЫЛАЙША, УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ: Біз көшбасшыларының жаңа буынын дайындаймыз және қарқынды дамып келе жатқан қоғам және жаһандық инновациялық экономика үшін жаңа білім жасаймыз.

Маңғыстау облысының нақты әлеуметтік мәселелерін шешу, жобалық қызметке тарту арқылы КТИМУ студенттерінде өмірге белсенді ұстанымын қалыптастыру.

«SERVICE LEARNING» ПӘНІНІҢ БАҒЫТЫ

«Service learning» пәнің әдісі студенттер мен жергілікті қоғамдастықтың (мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың) өзекті мәселелерді шешудегі өзара әрекетін қарастыратын білім берудің инновациялық әдістеріне қатысты. Пән әлеуметтік саладағы келесі волонтерлік бағытарды біріктіреді:

  • әлеуметтік волонтерлік;

  • экологиялық волонтерлік;

  • медициналық волонтерлік;

  • спорттық волонтерлік;

  • білім беру волонтерлік;

  • мәдени волонтерлік;

  • этникалық волонтерлік;

  • туризм салысындағы волонтерлік.