Есенов университетінің маңызды миссияларының бірі өңірдің әлеуметтік-мәдени өмірінің драйвері болып табылатын әлеуметтік-жауапты университетті қалыптастыру. Бұл бағыттағы негізгі бастама — «Қоғамға қызмет» жобасы. 2018 жылы осы жобаны сапалы жүзеге асыру үшін «Қоғамға қызмет» орталығы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты — «Қоғамға қызмет » пәні арқылы Маңғыстау облысының нақты әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Орталықтың ашылуы осы жұмыстың ерекше өзектілігі мен қажеттілігімен байланысты болды және жастардың ерікті қызметін үйлестіру, әдістемелік қолдау жүйесін құруға, қала мен аймақтың әлеуметтік қажеттіліктерінің картасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің соңғы деректері негізінде (https://stat.gov.kz/official/industry/66/statistic/7с) Маңғыстау облысында халықты әлеуметтік қолдаудың негізгі көрсеткіштері бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары санының өсуі байқалады. Облыс бойынша 2016-2020 жылдар аралығында тіркелген мүгедектер саны 6211 адамға, мүмкіндігі шектеулі балалар саны 2144 адамға өсті.
«Қоғамға қызмет» пәні «Service Learning» білім беру тұжырымдамасына негізделген және ЖОО-ның барлық мамандығы үшін көлемі 5 кредит болатын міндетті пән ретінде университеттің білім беру бағдарламасының базалық пәндер цикліне енгізілген. Қызмет көрсетуді оқыту әдістемесінің басқа әдістер мен бағдарламалардан айтарлықтай айырмашылығы-қызмет көрсетуде де, оқытуда да бір уақытта құрылымдалған нәтиже. Әлемде АҚШ-тың Стэнфорд университетінен бастау алатын «Service Learning» білім беру тұжырымдамасын іске асырудың көптеген тәсілдері бар. Қазақстанда бұл тәжірибе алғаш рет AlmaU-да, өңірлік жоғары оқу орындары арасында — біздің университетімізде енгізілді. Оқыту негізгі үш кезеңнен тұрады: теориялық оқыту (7 апта); жобалау қызметі (8 апта) және рефлексия. Әлеуметтік қорғаудың негізгі мекемелерімен және ҮЕҰ-мен әріптестік келісімдерге қол қойылды. Бүгінде олардың саны 25. Оқу барысында студенттер БҰҰ бастамашы болған тұрақты даму мақсаттарының, адам құқықтарының, инклюзивтіліктің және демократиялық құндылықтардың негізгі тұжырымдамалары мен анықтамаларымен танысады, жобалар әзірлейді. Оқытуда дәстүрлі қазақ мәдениетінің адамгершілік-этикалық құндылықтарын зерделеуге ерекше назар аударылады. Әл-Фарабидің қайырымды қала тұрғындары туралы тұжырымдамасы, Абайдың «Адам бол!» қағидасы қоғамдық қатынастардың идеалды түрі ретінде оқу бағдарламасына енгізілген.
Пәннің практикалық бөлімінде студенттер 8 апта бойы өз жобаларын серіктестер алаңдарында жүзеге асырады. Студенттік жобалардың негізгі бағыттары: әлеуметтік, экологиялық, спорттық-медициналық, жануарларға көмек көрсету, Каспий итбалығын қорғау, цифрлық еріктілік, азаматтық қорғаныс. Студент жастар арасында жалғызбасты қарт адамдарға, мүгедектерге, балалар үйлерінің, интернаттардың тәрбиеленушілеріне және мүмкіндігі шектеулі балаларға, Аналар үйі, балалар ауылы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, сәбилер үйі, қарттар үйі, Облыстық мүгедектер спорт клубы және т. б. мекемелерде қолдау көрсететін жобалар ерекше өзектілікке ие.
Орталық қызметінің 5 жылы ішінде «Қоғамға қызмет » пәні бойынша 7229 студент оқып, 1100 әлеуметтік жоба іске асырылды.