30 қарашада Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Есенов университетіне Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Әзілханов Марат Алмасұлы келді.

Кездесу барысында құрметті қонағымыз ҚХА кафедрасының қызметімен танысты, «қоғамға қызмет » пәні аясында жүзеге асырылған студенттердің әлеуметтік жобаларының салтанатты тұсаукесеріне қатысты. Іс-шараға жоба серіктестері, Мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, бизнес-құрылымдардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Барлық уақытта теңдесі жоқ құндылықтар болып табылатын жақсылық пен қайырымдылықтың, өзара көмек пен өзара түсіністіктің адамгершілік категориялары туралы М.А. Әзілхановтың баяндамасы өте эмоционалды және мазмұнды болды. Ол қазіргі жағдайда азаматтық бірегейлікті нығайтуға және патриотизм рухын тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Осы тұрғыда «қоғамға қызмет» жобасының қоғамды шоғырландырудағы ерекше рөлі атап өтілді.

Іс-шараның ең әсерлі сәті №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының «Солнечные лучики» музыкалық ертегісі балалар театрының, қойылымдары болды.

Іс-шара барлық қатысушылардың қолдауымен студенттердің орындауында «Маңғыстау еріктілері» атты мерекелік флешмобпен аяқталды.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like