«6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері «Қоғамға қызмет» пәні аясында № 19 мектеп-гимназиясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға отбасылық көрсетілімге арналған жігерлі, көңілді әрі аңғал «Питер қоян» атты фильмін тамашалатты. Фильм аяқталғаннан кейін достықтың, отбасылық байланыстың маңызын түсінуді және қоршаған ортаға махаббатпен қарауды үйрететін фильм туралы өз әсерлерін айтты. Балалардың бал-бұл жанған жүздерінен мульфильмнің ұнағаны аңғарылды. Студенттер фильм көрсетумен шектелмей, балаларға дидактикалық ойындар ойнатып, сергіту жаттығуларын жасатты. Шара соңында жобаға демеушілік еткен «Хазар» сауда орталығының кәсіпкерлерінің тарту еткен тәттілерін балаларға ұсынылып, естелік фотоға түсті.

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like