«Қоғамға қызмет» пәні бойынша биылғы оқу жылының теориялық білім алу және жобалар жасақтауға бағытталған алғашқы 8 аптасы өтіп, 24-28 қазан аралығында студенттер өз жұмыстарын сараптау комиссиясының назарына ұсынды. Көрсетілген кезеңде «Бизнес және құқық», «Туризм және тілдер» факультеттерінің 1- курс студенттері , «Инжиринг» факультетінің 2- курс білім алушылары, барлығы 628 студент, пәннен дәріс алып, жоба қорғауға шықты. Сараптау комиссиясының мүшелері «Victory» РАС аутизм спектрімен ауыратын балаларға көмек орталығының директоры –Елубаев А.С., Маңғыстау облысының спорттық мүгедектер клубының үстел теннисінің спортшысы – Өтепов Мейірбек, Маңғыстау облысының спорттық мүгедектер клубының әдіскерлері – Бекеш Кәмшат, Жаумытбай Элмира студенттердің жобаларын бағалап, кеңестерін берді . Барлығы 78- жоба келесі бағыттар бойынша қорғаудан өтті:

-Экологиялық бағыт- 11 жоба

— Әлеуметтік бағыт-50 жоба

-Этно – мәдени бағыт -1 жоба

-Жануарларды қорғау -4 жоба

-Спорттық –медициналық -7 жоба

-Цифрлы волонтерлік -5 жоба

Облысымыздың әлеуметтік мәлелерін шешуге бағытталған студенттік жобаларға демеушілік қолдау көрсеткен Түпқараған ауданының әкімшілігі, «Махi tea» ЖШС, Кinopleхх, Байтерек ойын сауық орталығы, ТРК Ақтау «My kids» балалар ойын сауық орталығына алғысымызды білдіреміз!

Студенттердің мейірімділік , қайырымдылық құндылықтары жөніндегі игерген дағдыларын тәжірибеде жүзеге асыруда табысты көрсеткіштер тілейміз! Іске сәт!

Leave a Reply

KEEP READING...

You may also like